Бұрынғы әлем чемпионымен жұдырықтасуы керек болған Сұлтан Зауырбектің қарсыласы ауысты
IBO тұжырымы бойынша әлемнің экс-чемпионымен жекпе-жек өткізуі керек болған Сұлтан Зауырбектің алдағы кездесудегі қарсыласы ауысты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Getty Images
Жеңілістің дәмін татпаған кәсіпқой боксшы Сұлтан Зауырбек (17-0,12КО) IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы болған Джеймс Диккенске (32-5, 12КО) қарсы жұдырықтасуы керек еді. Енді отандасымыз Ұлыбританияның Болтон қаласында өтетін бокс кешінде аргентиналық Роман Рубен Рейносомен (22-4-2, 10KO) жекпе-жекке шығады. Екінші жеңіл салмақта өтетін жекпе-жек 10 раундқа жоспарланған.
Айта кетейік, Сұлтан Зауырбек соңғы жекпе-жегінде колумбиялық Виктор Хулионы (17-11) төрешілер шешімімен ұтқан еді. Ол Англияда әлемнің даңқты боксшысы Энтони Джошуамен бірге дайындалады.
Астанада параспортшылар федерация басшысына жалақысының бір бөлігін беруге мәжбүр болғанын айтты
Федерация басшысына "Алаяқтық" бабымен іс қозғалған
Қаскелеңде автобус қағып кеткен студенттің ісі жабылып қалған: Анасы қызының ауыр жарақат алғанын айтады
СДУ алдында автобус қызды қағып кеткен, алайда полиция істі көп ұзамай жауып тастаған

