Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бұрын тұрмыста болған келіннің беті ашылмайды": Ринат Шамшырақтың тойындағы беташар рәсімі сынға қалды

Желіде қарындасымен ән айтып танылған Ринат Шамшырақ шаңырақ көтерген болатын. Екі жас үйлену тойын дүркіретіп атап өтті. Алайда тойда болған беташар рәсімі сынға қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Әншінің жары өзінен 6 жасқа үлкен, бір баласы бар бет әрлеуші қыз. 

Шымкент қаласындағы ең қымбат мейрамханада үйлену тойын жасаған әнші сынның астына қалды. Қазақтың салт-дәстүрі негізінде өткен беташар рәсімі көпшілікке ұнамады. Таңдауы бұрын тұрмыста болып, бір баласы бар келіншекке түскенін жазған болатынбыз. Ежелгі салт бойынша екінші рет келіннің беті ашылмайтынын жарыса жазып жатқандар көп. “Бұрын беті ашылған келіннің екінші рет беті ашылмайды, тек орамалын алмастырады”, “Әулеттің үлкендері айтпаған ба?” деген сыңайда пікір көп.

Сондай-ақ әнші келіншегімен бірге ауылында тұрып жатыр. “Жаңа түскен келінге сиыр сауғызайын деп тұрмыз. Қалада өскен қыз болғандықтан, қораға кіріп көрмеген.Салонда жүрген қыз сиыр қораға кіріп, алғаш рет сиыр сауады. Күн деген қатты суық. Шелектегі сүтті үйге жеткізгенше мұз болып қатып жатыр.”, – деп жеке парақшасына видео жүктеген болатын.

Желі қолданушылары жаңа түскен келінге салқын тигізуге болмайтынын айтып, ескерту жасап жатыр. “Жаңа түскен келінді де сәбидей қырық күн күту керек. Таңда далаға шығарып, қараңғыда жалғыз жүргізуге болмайды. Суық пен аязға шығаруға болайды” деп жазып жатыр әншінің тыңдармандары. Енді бірі жастардың контент үшін ғана қораға барғанын айтады. 

 

Талқылау