Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Бұларға дін ойыншық болды”: Хиджаб киіп уағыз айтқан қалаулымдық Камила көпшіліктен сөз естіп қалды 

Қалаулымдық Камила Әділхан желіде хиджаб киіп, оқырмандарымен әңгімелесті. Алайда хиджаб киіп, дін тақырыбында әңгіме қозғаған блогерге сын айтқандар көп. Олар әркім хиджабты ойыншық көреді деп ашулы. 

Блогер отбасымен қажылыққа аттанды. Мұсылмандық парызын өтеуге қасиетті жерге сапар шегіп қайтты. Ол желідегі оқырмандарымен тікелей байланысқа шығып, өз жаңалықтарын бөлісті. Хиджаб киген ол желіде дін тақырыбында әңгімелесті. Алайда оның бұл әрекетіне сын айтқандар табылды. 

Блогер желі оқырмандарына Қадір түнінің қасиеті жайлы айтты. Көпшілікті жақсы іс жасауға, науқас балалардың емі үшін садақа беруге шақырды. 

“Бүгін нағыз құлшылық жасайтын күн. Бұл күнгі құлшылық 83 жылға татиды екен. Сондықтан барынша намаз оқуға тырысайық. Сондықтан бұл күні құлшылық жасауға ыңғайлы болғандықтан хиджаб киіп отырмын. Мұсылмандар барынша құлшылық жасап, дұға етіп, Құран оқып, кешірім сұрайтын уақыт. Бұл күнді жақсылықпен өткізу керек. Намаз оқи алмайтындар, дұға ету керек. Садақа беру керек. Ниетіңізге қарай Алла берекесін береді. Мен өзім жасаған жақсылықтарымды қызғанып, жасырып қалсам, күнә болатын шығар деп ойлаймын. Сондықтан бәріңізге айту керекпін. Осы уақытқа дейін қанша науқас балаға сіз бен біздің арқамызда қол ұшын созып жатырмыз. Бәрі Алланың ризалығы үшін”, – деді Камила. 

Блогер желі оқырмандарынан түскен қаражатқа сал ауруына шалдыққан балаларға көмектесетінін айтты. Желідегілер оның сауапты ісін құптаса, енді бірі өз пікірін жазды. 

“Қазір елдің бәрі намазхан болып кеткен бе? Хиджаб деген ойыншық болып кетті ғой”, “Елдің бәрі хиджаб киіп, Меккеге барса өзін данышпанмын деп ойлап қалады-ау деймін”, “Камила бәрін қойып, намаз, дін, күнә туралы айтатын болған ба?”, “Адам бірінші өзінің не айтып отырғанын толық түсініп алса екен”, “Жасаған жақсылық айтпау күнә емес, керісінше жариялау күнә”, “Жаман нәрсеге шақырып отырған жоқ қой, шамасы келгенше жақсылық жасап жүр”, “Жақсылық жаса деп айтқаннан не жамандық көрдіңіздер?”, “Ол Қадір түні болған соң хиджабпен отыр”, “Қанша адамға көмектесіп жатыр, садақа жинап жатыр”, “Жақсылық жасасаң да, ешкімге жақпайсың”, – деді желі қолданушылары. 


Талқылау