Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шынар Асқарова: Күйеуіме екінші әйел алуға рұқсат бердім, бірақ қызғаныштан өлтіріп қоятын шығармын

Театр және кино актрисасы Шынар Асқарова өміріндегі қиындықтары мен отбасы жайлы айтты. Күйеуіне деген қызғаныш пен жалғыз қызы жайлы сөз етті. 

Бұл туралы “Менің өмірім” бағдарламасында айтылды. 

Шынар Асқарова отбасы мен қызы, жолдасы екеуінің арасындағы қызғаныштары туралы сөз етті. Актриса бір қыздың анасы. Екінші рет ана атана алмаған актриса дәрігерлер мен өз қателігін мойындайды. 

“Он қызға татитын бір қызым бар. Театрда дәрігерлер жоспарлы екпе салды. Ол кезде ме жүкті екенімді білген жоқпын. Дәрігерлер де білмеді. Солай құрсағыма жаңа біткен сәбиден айырылдым. Содан кейін көтере алмадым. Бұл өзімнің де кінәм. Ана болу бақыты екінші рет бұйырмады”, – дейді актриса. 

Шынар ханым жолдасының екінші әйел алуына қарсы емес, бірақ өзінің қызғаншақ адам екенін айтты. 



“Мен жолдасыма әзілдеп те, күліп те талай айтып жүрдім. Кейде шын айттым. Сен ер азаматсың, артыңда ұрпақ қалу керек дедім. Егер көңілің қалаған адам болса айт дедім. Екінші әйел алуға да рұқсат еттім. Бірақ ол күледі. Аламын деген жоқ. Кейде өзім айтып аламын да, өкініп қаламын. Айту оңай. Ал алған күні бәрі басталар. Қызғаныштан өлтіріп қоярмын. Мен оның екінші әйелге қарамайтынын білемін. Сондықтан айтып жүрмін”, – деп күледі актриса.

Актриса театр әртістері мен шоу-бизнес өкілдерінің бір-біріне мүлде ұқсамайтынын алға тартты. 

“Театр мен шоу-бизнес өкілдері екі түрлі өнер адамдары. Бәрімізді әртіс дегенімен, біз оларға ұқсамаймыз. Біз бір бөлек әлембіз. Бізді олармен салытырудың керегі жоқ”, – деді ол. 

Шынар ханым өнер үшін жаралғанын айтады. Өзін үй әйелі ретінде елестете алмайды. Өнер үшін жолдасы екеуінің арасында қызғаныш сезімі болғанын жасрмайды. 

“Бірде мен тойға бардым. Той иесі әйел адам еді. Маған бір құшақ гүл берді. Мен оны үйге апарғанымды, жолдасым қызғаныш білдірді. Әйел адамның бергеніне сенбеді”, – деді театр әртісі. 

Талқылау