Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бұлақ көрсең, көзін аш: Ақтөбеде "Taza Qala" акциясы өтті

6 шілде күні Ақтөбе қаласының жастар ресурстық ортылығының ұйымдастыруымен 6 шілде – Астана күні мерекесіне орай, Республикалық "Таза Қазақстан" экологиялық шарасы аясында, "Taza Qala" акциясы өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Қала жастарын табиғатты аялауға, қорғауға, қоршаған ортаны таза ұстауға шақыру, азаматтық жауапкершілікті арттыру, экологиялық сана мен экологиялық мәдениетті қалыптастыру және нығайту мақсатында ұйымдастырылған сенбілікке  орталық қызметкерлері, белсенді жастар, "Таза жағалау" және "ECO Мәдениет" эковолонтерлық тобының мүшелері қатысып, Ислам бұлағының аумағын қоқыс қалдықтарынан тазартып, ортақ мекеннің көркеюіне өз үлестерін қосты.

Экологиялық акцияға қатысушылар орталық тарапынан санитарлық құрал – жабдықтармен (тырма, күрек, сыпырғыш) және қапшықтар, арнайы қолғаптар мен экологиялық акцияға арналған футболкалармен қамтамасыз етіліп, олардың тасымалы үшін автобус көлігі шығарылды.    Орталық тарапынан қала көшелері мен жағалауларды тазалау жұмыстары дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді.

"Таза Қазақстан" акциясы – бұл жәй ғана сенбілік немесе қатардағы акция емес! Еліне, болашағына, ұрпағына алаңдайтын әр азаматтың, позициясы! Елдің тазалығы, жүрегіміздің тазалығының көрсеткіші!

Талқылау