"Бұл құс тұмауы емес": Екібастұзда торғайлардың не себепті өліп жатқаны анықталды
Әлеуметтік желілерде Екібастұз жолдарында өліп жатқан торғайлардың видеосы таралды. Олардың құс тұмауынан өлгені айтылады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Әлеуметтік желілерде Пшембаев көшесінің бойындағы өлі құстардың суреттері жарияланған. Оқиға орнына барған Екібастұз ветеринарлық қызметінің мамандары құстарды көлік қағып кеткенін айтты. Оқиғаға куә болғандар бар", - деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.
Әкімшілікте Екібастұзда құс тұмауын жұқтыру жағдайы тіркелмегенін айтты. Жағдай тұрақты.
"Ауру туралы ескерту қажет. Екібастұзда үй құстарын вакцинациялау басталады. Вакцинациялауға өтінішті қалалық ветеринария қызметі қабылдайды", - дейді әкімдік.
Еске салсақ, Батыс Қазақстанда үй жануарларына вакцина салынып, құс фабрикалары жаппай карантинге жабылып жатыр.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”