"Бұл бір ғажайып": Филиппинде құтқарушылар лай көшкінінен 60 сағат өткен соң үш жасар қызды тірі тапты
Филиппиннің оңтүстігіндегі алтын өндіретін ауылда лай көшкіні болып 27 адам қаза тапты. Табиғи апаттан 60 сағат өткен соң үш жасар қыз аман табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Guardian порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Cурет The Guardian-нан
Филиппиндік Қызыл Крестің айтуынша, жауынның салдарынан болған көшкінде жоғалып кеткен тұрғындардың қатарында үш жасар қыз да болған. Қаза тапқандар саны 27-ге жетті. Іздеу әлі де жалғасып жатыр.
Құтқарушылар қызды Оңтүстік Минданао аралындағы Масара ауылын қолмен қазып жатқан кезде тапқан.
"Бұл бір ғажайып. Құтқарушылар жоғалып кеткендерді қаза тапты деп ойлаған. Енді бұл жағдай бізге үміт береді. Әдетте балалар ересектер сияқты төзімді болмайды. Бірақ бүлдіршін аман қалды", – деді Давао-де-Оро провинциясының Төтенше жағдайлар агенттігінің өкілі Эдвард Макапили.
Құтқарушылар қызда көзге көрінетін жарақаттың болмағанын айтады. Оны дереу ауруханаға апарған.
Айта кетсек, Филиппиннің оңтүстігінде көшкін салдарынан үйлерді қиратып, алтын кенішінен жұмысшыларды алып кетуге барған үш автобус пен көлікті су басты.
Минданаоның кейбір бөліктерінде жаңбыр күшейіп, су тасқыны болды. Салдарынан ондаған мың адам баспанасыз қалды.