"Бұл әзіл болған": Қуат Хамитов өзінің жанжалды видеосы жайлы айтты (видео)
Аралас жекпе-жек (ММА) балуаны Қуат Найман Хамитов өзінің жанжалды видеосы жайлы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Спортшы видеоны әзіл ретінде түсіргенін айтты. Оның ешкімді ренжітетін ойы болмаған. Хамитов ешкімді жаман қылықтарға шақырмайтынын атап өтті.
Естеріңізге сала кетейік, Хамитов 14 қыркүйекте Алматы полициясына жеткізілді. Бұған Хамитовтің әлеуметтік желілерде зорлық-зомбылыққа шақырған видеосы себеп болды.
Спортшыға үш жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы берілуі мүмкін екені хабарланды.
«Бұл факт ҚР Қылмыстық кодексінің 272-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Азамат Хамитов Қуат тиісті іс жүргізу әрекеттері үшін ДП-ға жеткізілді. Қылмыстық іс бойынша тергеу шараларының жиынтығы бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданады. Азамат Хамитовтың іс-әрекеттеріне баға беріледі», - деді полиция.