Бұқтырма қоймасында адамдары бар қайық аударылып кетті

Фото: Pinterest.com
Бұқтырма су қоймасында қайық аударылып, төрт адам суда қалды. Бұл туралы Stan.kzақпарат агенттігі хабарлайды.
Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға Алтайка ауылының маңында болған.
"Оқиғадан алыс емес жерде балықшы адамдарды байқап, төртеуін де өз қайығына отырғызды. Бақытымызға орай, барлығы құтқару кеудешелерін киіп алған", – деп атап өтті министрлік.
Оқиға орнына жеткен жедел әрекет ету тобының қызметкерлері азаматтарды қайыққа отырғызып, жағаға жеткізді. Ешкімге медициналық көмек қажет емес.
Еске салсақ, Алакөлде 63 жастағы әйелді қайық басып кеткен еді.
"55 жасында дүниеге келген": Ата-анасы жасы келгенде туған қазақстандықтар қиыншылықтарын бөлісті
Самал: "Кей сәттерде ата-анамның өздері де бала секілді көрінеді"
Jennifer Lopez, Backstreet Boys, Kanye West: Әлемдік жұлдыздарды шақыру құны қанша
Қымбат билет, миллиондаған доллар: Қазақстанға жұлдыз шақыру кімге тиімді?