"Бұған дейін әйеліне қысым көрсеткен": Екі айлық қызын ұрып-соққан Астана тұрғыны 6,5 жылға сотталды
Астанада бұған дейін әйеліне тұрмыстық қысым көрсетіп, екі айлық қызын ұрып-соққан азамат 6,5 жылға бас бостандығынан айырылды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Үкім қалалық кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында шығарылды.
Ер адам 2022 жылы 2 шілдеде мас жігіт күйінде бүлдіршінге қол көтерген. Бұған дейін ол әйеліне тұрмыстық зорлық-зомбылық көрсеткені үшін бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Бірақ сотта әйелдің өзі күйеуін бас бостандығынан айырмауды сұрады. Дегенмен судья үкімді күшінде қалдырды.
"Ол өз әрекетімен екі айлық баланың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірді. Қазір сәбиге ерекше күтім қажет. Ол ұзақ уақыт бойы медицина мамандарының көмегінсіз қиналған", - деді Астана қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі аудандық соты.
Сондай-ақ, сотталушы маскүнемдіктен мәжбүрлі түрде емделеді.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"