"Бүркіт" мемлекеттік әуе компаниясының ұшақтарындағы "Kazakhstan" жазуы "Qazaqstan" деп ауыстырылды
"Бүркіт" мемлекеттік әуе компаниясының ұшақтарындағы "Kazakhstan" деген жазу "Qazaqstan" деп ауыстырылды. Желіде ұшақтардың суреті тарады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Үкіметтік борт тақтасы жаңа бояумен боялды", - деп жазды Қазақстан авиациялық клуб әкімшісі Николай Устинов.
Ол жариялаған суретте UP-2101 құйрық нөмірі бар үкіметтік Airbus 321 ұшағын бұрынғыдай "Kazakhstan" емес, "Qazaqstan" деген жазу безендіріп тұрғаны байқалады.
2016 жылдың қарашасында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Сенатының спикері қызметіндегі кезінде: "Қазақстанның ағылшын тіліндегі нұсқасында “Qazaqstan” жазылу нұсқасы мемлекетіміздің болмысын дәлірек көрсетеді", – деп баса айтқан болатын.
Қазақстандық компания қазақ тілінде баяндама жасаған қызметкерді жұмыстан қуды деп айыпталды
Қызметкердің жұбайы жұмыс берушіден түсініктеме талап етті
"Қолынан сүйіп, денесін ұстаған": Алматыда 15 жастағы қыз такси жүргізушісінің әрекетінен шошып қалған
Қыздың адвокаты істі қылмыстық тұрғыда тексеруді сұрады