Бурабайда суретке түспек болған астаналық әйел таудан құлап мерт болды
Бурабайдағы Бөлектау тауында суретке түспек болған әйел мерт болды. Ол құлап кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Астаналық әйелдің қаза болғанын Ақмола облыстық полиция департаменті хабарлады. Дерекке сүйенсек, оқиға 11 маусым күні болған. Ол отбасымен қайғылы оқиғадан бір күн бұрын Бурабайға демалуға келіпті. Бірақ Бөлектау тауының төбесіне шығып, суретке түспек болғанда құлап кеткен.
"Бөлектау тауының шолу алаңына көтерілу кезінде әйел суретке түспек болған, алайда ол 15 метр биіктіктен құлап, тасқа соғылды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр”, – делінген полиция хабарламасында.
Осы жағдайға байланысты полиция жергілікті тұрғындар мен қонақтарға қауіпсіздік шараларына жіті мән беруді және сақ болуды ескертіп отыр.
1 қарашадан бастап Қазақстанда педиатрия бөлімшелер жабыла ма: Денсаулық сақтау министрлігі ата-аналарға жауап берді
Денсаулық сақтау басқармасы жалпы практика дәрігерлері, содан кейін керек болған жағдайда педиатр тексеретінін мәлімдеді.
Ұлттық қордан 6,5 триллион теңге алынса, Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
6,5 триллион теңге инфрақұрылымға жұмсалады: Бұл халықтың тұрмысын жақсарта ма?
