Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бүгін таныстарымның арасында 11 адам көз жұмды": Олжас Құдайбергенов елдегі жағдай туралы

Экономист Олжас Құдайбергенов Қазақстанда коронавирустың таралуына қатысты қайғылы жағдай ондаған жылдар бойы қалыптасқан сыбайлас жемқорлық, бюрократия жауапсыздық салдарынан туындағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Олжас Худайбергенов

"Жақында менің немере ағам қайтыс болды. Оның төрт баласы қалды. Сондай-ақ, жақын күндері екі досымның әкелері бақилық болды, ал қызметкерімнің анасы қайтты. Ал бүгін қорқынышты күн болды -  таныстарым арасында 11 адам көз жұмды. Барлық хабарламалар күндіз келіп түсті, бір сағат бұрын 11-ші адам туралы хабар келді, бір жақсы адамның 39 жастағы жалғыз ұлынан айырылғанын білдім", - деп жазды Құдайбергенов Facebook-те.

Елде болып жатқан жағдайды экономист қорқынышты трагедия деп атады.

"Ерте ме, кеш пе, біздың және жақындарымыздың өлетіні анық, бірақ мүмкін нәрсенің бәрін жасап, адамның өлгені бір бөлек, ал адамдардың дәрі-дәрмектердің, желдеткіштердің, дәрігерлердің, төсек-орындардың немесе КТ-ны, ауруханаға жатқызғанын күтіп дүниеден өткені басқа әңгіме. Бұл италиялық сценарий емес, бұл біздің жеке сценарийіміз, онда ондаған жылдар бойы қалыптасқан сыбайлас жемқорлық бюрократиямен және жауапсыздықпен бірлесіп, осындай теріс статистиканы қалыптастырды", - деп мәлімдеді Құдайбергенов.

Экономисттің сөзіне қарағанда, азаматтар ақшаны дәрі-дәрмектерге жұмсайды немесе оны сатып алу үшін кез-келген пайызбен қарыз алады.

"Өкінішке қарай, біздің үкімет төлемдерді жүргізудің заңды негіздерін көрмейді. Ал адамдар үкіметтің осындай "көзқарастармен" жұмысын жалғастыруына моральдық негізді көрмейді. Бірақ үкіметтің отставкасы болса да, сол ережелер бойынша жаңа адамдарды таңдау ештеңе өзгертпейді. Жаңа адамдар мен жаңа ережелер болуы керек. Сол кезде індеттің келесі толқындары осындай қайғылы болмайтынына мүмкіндік бар", - деп қорытындылады Құдайбергенов.

Талқылау