Бүгін әлем тұрғындары Күн тұтылуының куәсі бола алады
Бүгін бірнеше елдің тұрғындары Күн тұтылуының куәсі бола алады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Күннің тұтылуы Нұр-Сұлтан уақытымен 20:25-те басталады, аспан құбылысының максималды фазасы 22:00-ге дейін созылады.
Бүгінгі күн тұтылуының ұзақтығы 2 минут 10 секундқа созылады. Бұл астрономиялық құбылыс Тынық мұхитының оңтүстік-шығысында жақсы көрінеді. Чили, Аргентина, Оңтүстік Атлант мұхитының тұрғындары ерекше оқиғаны анық көре алады.
Тұтылудың ішінара фазалары Оңтүстік Америкада, Полинезияда, Антарктидада және Африкада байқалады. ТМД аумағында күннің тұтылуы әлсіз болады.
Қазақстанда күннің тұтылуы көрінбейді, бұл кезде ел аумағында тәуліктің қараңғы уақыты болады,
"Қазақстанның туы мен киіміне қызықтым": Француз қызы қазақ тілін үйреніп, елде қалуды жоспарлап жүр
Нина: “Маған көбі орысша үйренуге кеңес берді, бірақ құрмет үшін қазақ тілін таңдадым”
"I am Jane Doe": Қазақстандықтар өздері көрген зорлық-зомбылықтары туралы айтып берді
“Jane Doe” – нақты адамның аты-жөні емес