Бразилияның бір қаласында су тасқыны болып, 100-ге жуық адам қаза тапты
Рио-де-Жанейроның солтүстігіндегі таулы аймақтағы тарихи Петрополис қаласында нөсер жаңбыр, су тасқыны мен көшкін салдарынан 94 адам қаза тапты, деп хабарлады Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бір айлық жауын үш сағатта жауған. Тау баурайындағы үйлер құлап, үйіндінің астында қалды. Көшелерді толық су басқан. Тіпті көліктер де ағып кеткен.
Ұлттық азаматтық қорғаныс қызметі твиттерде осы уақытқа дейін 24 адам тірі табылғанын, 94 адам қайтыс болғанын хабарлады. Тағы 35 адам із-түзсіз жоғалғандар тізімінде.
Петрополис - Рио-де-Жанейроның танымал туристік орыны. 19 ғасырда бұл Бразилия императорларының жазғы резиденциясы болған. Оны Императорлар қаласы деп те атайды.
Ең көп зардап шеккен аудандардың бірінде 80-ге жуық үй көшкіннің астында қалды. 300-ден астам адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды.
"Жұмыстан шығаруға негіз емес: Астанада туристің видеосынан кейін жұмыстан қуылған полицейлерге қатысты заңгерлер пікір білдірді
Блогермен бірге әзілдесіп, видеоға түсуі қызметтік этика тұрғысынан дұрыс болмаған дейді заңгер
Қазақстандық Америка шөлінің қақ ортасында қалай киіз үй тігіп, 5 мың адамға ет асты
Жобаны Tengri Camp командасы ұйымдастырды