Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бразилиялық сылқымдар сиыр етінен жасалған бикини киді (фото)

Бразилияда өтіп жатқан “Miss BumBum” байқауының қатысушылары сиырдың шикі етінен жасалған бикини киді.

Бұл туралы Huffington Post басылымы жазды.

Аталған бикиниді киген қыздар сегіз сағат бойы суретке түсуге мәжбүр болған. Қатысушылар “киген” сиыр етінің жалпы салмағы 50 килограммды құраған. Түсірілген суреттер кейін шақыру билеттеріне орналастырылған. Байқауды ұйымдастырушылар осылайша әйелдердің бір тілім еттен айырмашылығы бар екенін көрсетпек болған екен.

Аталған байқау Бразилия елінде осымен жетінші рет өтіп жатыр. Қатысушыларға әуретті жерлерін пластикалық хирургияның көмегімен үлкейтуге қатаң түрде тыйым салынған.

2016 жылы бас жүлде қара нәсілді Эрика Канелаға бұйырды. Байқау мәліметіне сүйенсек, қыздардың жамбас өлшемі 107 сантиметрден асады.


Жіберіп алмаңыз:

Кения билігі арыстандардың гомосексуал болуларына қорық қонақтарын кінәлады

200 жылдық көне картина “су жаңа” кейіпке енді

Мысырға білместікпен дәрі ала барған британиялық әйел өлім жазасына кесілуі мүмкін

Қазақстанда ет бағасы 16%-ға қымбаттады

Талқылау