Кения билігі арыстандардың гомосексуал болуларына қорық қонақтарын кінәлады
Кениядағы фильмдер цензурасына жауап беретін дәрігер Иезекиль Мутуа арыстандардың біржынысты болып қосылуларына “Масаи-Мара” қорығының қонақтарын кінәлады.

Бұл туралы Nairobi News басылымы жазды.
Мутуа британиялық фотограф Пол Гольдштейннің қорық ішінде түсірген суретін көріп қатты ашуланған. Себебі, суретте аталық арыстан екінші бір аталықтың үстіне шығып алған екен.
Шенеуніктің пікірінше, арыстандарға мұндайды қорыққа келген гейлер ғана үйретуі мүмкін. Мұнымен қатар, ол гомосексуализмнің тек шайтандарға тән екенін айтып өткен. Дәл қазір аталған жануарлар зерттеліп жатыр.
Жіберіп алмаңыз:
200 жылдық көне картина “су жаңа” кейіпке енді
Мысырға білместікпен дәрі ала барған британиялық әйел өлім жазасына кесілуі мүмкін
Қапшағайда гидроскутер "үрлемелі диванға" соқтығысты: Әйелдің қуығы жырылып, қыз есін жоғалтқан
15 жастағы қыздың жамбас сүйектері бірнеше жерден сынып, жадынан айырылған
Әріптесінің хабарламасы алматылықты тротуарға құлаған бетон плитадан құтқарып қалды
Оқиға кезінде ол әріптесінің хабарламасына жауап беру үшін бір сәтке тоқтап үлгерген