Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бозжыра шатқалында қонақ үй салынбайтын болды

Қонақ үйдің құрылысы Бозжыра шатқалынан тыс жерге ауыстырылады. Бұл туралы экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев мәлімдеді.

«Жергілікті тұрғындардың, ғалымдардың және қоғам белсенділерінің ұсынысы бойынша нысанның құрылысы Жабайұшкан қонысы аумағынан тыс жерге көшіріледі. Инвестор компания өкілдері өз тарапынан жобаны жүзеге асыратын жерді қайта қарауға және басқа жерді таңдауға дайын екендерін растады», - деп жазды Мырзағалиев Twitter-де.

Министр Ақтауда ғалымдармен, биологтермен, шетелдік сарапшылармен, жергілікті қоғам қайраткерлерімен кездесулер өткізді.

Қоғам қайраткерлері мен ғалымдар қонақ үйдің құрылысы аймақтың туристік әлеуетін дамыту және аймақта жаңа жұмыс орындарын құру үшін қажет деп келіседі», деп жазды министр.

«Барлығы туристік нысан салу жобасы аймақ үшін маңызды деген пікірге келді. Мұнда біз туризмді дамыту мен жергілікті экожүйені сақтау арасындағы тепе-теңдікті табуымыз керек», - деп қосты Мырзағалиев.

Бұған дейін олар Бозжыра шатқалында қонақ үй салғысы келетіндігі туралы хабарланған еді.

Қазақстандықтар әлеуметтік желілерде жаппай осы ерекше аймақта нысан салуға қарсы екендерін жаза бастады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қонақ үйдің жобасын қоғамдық резонансты ескере отырып, қайта қарауды тапсырды.

Бозжыра аймағы Жабайұшқан табиғи қорығының аумағында орналасқан.

Қорық Маңғыстау облысы әкімінің 2012 жылғы қаулысына сәйкес құрылды. Ол облыстың табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының «Қызылсай» мемлекеттік аймақтық табиғи паркіне жатады.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр