AAPL
148.56 $
1.2 %
TSLA
643.38 $
-0.91 %
NDAQ
187.76 $
1.31 %
GOOGL
2660.3 $
3.58 %
FB
369.79 $
5.3 %
FRHC
65.1 $
0.73 %
AAPL
148.56 $
1.2 %
TSLA
643.38 $
-0.91 %
NDAQ
187.76 $
1.31 %
GOOGL
2660.3 $
3.58 %
FB
369.79 $
5.3 %
FRHC
65.1 $
0.73 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Босанған соң екі айдан кейін": Мамандар емізетін аналарды вакцина салуға шақырады

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дәрігерлері иммунитет балаларға емшек сүті арқылы берілетінін мәлімдеді. Ұйым, сондай-ақ жүкті әйелдер мен емізетін аналарға коронавирусқа қарсы вакцина егуді ұсынып отыр. Осыған байланысты сұрақтарға медицина мамандары тұрғындардың сұрағына жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

вакцина

“Вакциналау – коронавирусты жеңудің жалғыз жолы деп жатыр. Одан да ауруды жеңетін күшті дәрі ойлап таба салу оңай емес пе? Әлемде осы бағытта қандай да бір дәрілер әзірленіп жатыр ма? Әлде бір жарым жыл ішінде олар ештеңе ойлап таппады ма?”, – деген сауал қойды тұрғын.

“Бүгінгі таңда коронавирустық инфекцияның емі жоқ. Біз тек ковид белгілерін емдеуді үйрендік. Перспективалы дәрі-дәрмектердің бағасы өте жоғары. Сондықтан оларды жаппай қолдану туралы айтудың қажеті жоқ. Коронавирустық инфекциядан құтқаратын жалғыз дәрілік препарат – вакцина”, – дейді медицина ғылымының докторы Дмитрий Еделев.

Сондай-ақ “жас аналарға вакцинация жасау қауіпті емес пе? Бұл балаға әсер ете ме?”, – деп сұрады алматылық тұрғын.

“Біз босанғаннан кейін екі айдан соң бала емізетін әйелдерді вакциналау керек деп санаймыз. Оны қорғау басқаша қиын болады. Біз алғашқы екі айда әйел сыртқы әлеммен аз байланысады деп ойлаймыз. Бірақ оның айналасындағы отбасы мүшелері вакциналануы керек. Бұдан соң босанған соң екі-үш айдан кейін вакциналануы тиіс. Антиденелер ананың сүті арқылы балаға беріледі. Осылайша инфекция қаупінен қорғау оңайға түседі”, – Қазақстан репродуктивті медицина қауымдастығының президенті Вячеслав Локшин. 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мамандары, егер емізетін ана коронавирус жұқтырса немесе вакцина алса, емшек емізуді тоқтатпауға кеңес береді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр