"Бос сөздерге назар аудармаймыз": СІМ ресейлік депутаттың мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді
Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі ресейлік депутат Виктор Соболевтің Қазақстандағы русофобия туралы сөзіне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Брифинг барысында журналистер Сыртқы істер министрлігінің ресми өкіліне ресейлік депутаттың мәлімдемелеріне қатысты сұрақ қойды.
"Сұрақтарыңыз орынды, біз депутаттардың мәлімдемелерін бақылап отырамыз. Бұрын айтылғандай, Ресейдің Қазақстанға қатысты сыртқы саясатын мемлекет басшысы мен Ресей Сыртқы істер министрлігі айқындайды. Біз мұндай бос мәлімдемелерге мән бермейміз, бірақ ақпарат ретінде назарға аламыз", – деді Айбек Смадияров.
Бұған дейін мемлекеттік думаның депутаты Виктор Соболев ресейлік Telegram-арнаға берген сұхбатында Қазақстанда латын әліпбиіне көшудің басталғанын және русофобия мәселесі бар екенін айтқан болатын.
"Жұмыстан шығаруға негіз емес: Астанада туристің видеосынан кейін жұмыстан қуылған полицейлерге қатысты заңгерлер пікір білдірді
Блогермен бірге әзілдесіп, видеоға түсуі қызметтік этика тұрғысынан дұрыс болмаған дейді заңгер
Қазақстандық Америка шөлінің қақ ортасында қалай киіз үй тігіп, 5 мың адамға ет асты
Жобаны Tengri Camp командасы ұйымдастырды