Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бөпенің киімдері мен заттарын беретін": Балжан Бидаш тұрмыста болған жылдары туралы айтты

Қазақстандық әнші Балжан Бидаш тұрмыста болған кезін еске алып, сол кезеңде басынан өткен жағдайларды баяндады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Әлеуметтік желіден алынды

"Мамский әңгіме” бағдарламасына берген сұхбатында ол "қашан туасың" деген қысым көрмегенін, алайда барған жерінде адамдардың "жұғысты болсын" деген ниетпен түрлі заттар сыйлағанын айтты.

Балжан Бидаш тұрмыста болған жылдары көп адам оған “балалы бол” деп тілек айтқан. Алайда, "жұғысты болсын" деген сөздер әншіні ыңғайсыз жағдайға қалдырған көрінеді.

"Мен екі жарым жыл тұрмыста болдым. Бірақ "қашан туасың?" деген сұрақ пен қысым болған жоқ. Дегенмен, көрінбейтін бір жағдай бар. Бір жерге барғанда, бөпелермен суретке түскенде "жұғысты болсын" деп жиі айтатын. "Жұғысты болсын" деп бөпенің киімдерін, түрлі заттарды сыйлайтын. Менде де сондай жағдайлар көп болды. Сол "жұғысты болсын" деген сөздің өзі мені ыңғайсыз жағдайға қалдыратын", – деді Балжан Бидаш.

Талқылау