"Бомба қойылған": Алматыдағы екі ауруханадан адамдар эвакуацияланды
Алматыдағы қос ауруханада келушілер мен қызметкерлер эвакуацияланды. Анықталғандай, белгісіз біреу медицина мекемелеріне жарылғыш зат "қойылғаны" туралы мәлімдеген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Түскен ақпаратты тексеру үшін полицейлер оқиға орнына келген. Ал 10:57-де полицейлер екі нысаннан да жарылғыштың табылмағаны туралы мәлімет етті.
"Ақпарат жалған болып шықты, жарылғыш зат табылған жоқ. Медицина мекемесі штатты режимде жұмыс істеп жатыр", – делінген Алматы полиция департаментінің хабарламасында.
Ведомство өкілдері жедел құрылымдардың жалған ақпарат таратқан азаматты іздеу бойынша шара қабылдағанын қосып өтті.
Астанада тіс емдеу кезінде көз жұмған 3 жасар қыздың өлімі: Сотта жаңа күмәндер мен сараптамалық қайшылықтар туындады
Ата-аналар сотта наркоздың зияны жоқ екенін реаниматолог пен анестезиолог алдын ала айтты дейді
Алматы әкімдігі тұрғындардың наразылығын тудырған эстакадаға қатысты суретке түсініктеме берді
Тағы бірі Алматыдағы кейбір жол құрылыстары кептелісті жеңілдетуден гөрі арттырады деп алаңдайды