Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Болат Сапар Көшпенділер ойындарында күрестен алтын медаль жеңіп алды

Болат Сапар
Фото: ulttyqatsport.kz

Қазақстан құрамасының қоржыны тағы бір алтын медальмен толықты. Самбодан 98 келіден жоғары салмақ дәрежесінде сынға түскен Болат Сапар Көшпенділер ойындарының чемпионы атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қазақстандық спортшы аса ауыр салмақта қарсыластарынан басым түсіп, тұғырдың ең биік сатысына көтерілді.

Бұл Болат Сапардың халықаралық деңгейдегі алғашқы ірі жетістігі емес. 2024 жылы ол 98 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Азия және Океания чемпионатын жеңіп алған еді.

Ал Көшпенділер ойындарында спортшы бұдан да ауыр салмаққа ауысып, соған қарамастан тағы да үздік нәтиже көрсетті.

Айта кетейік, қазір Қырғызстанда өтіп жатқан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасы 5 алтын, 2 күміс және 8 қола медаль иеленді.

Балнұр Рахматуллақызы
Бейсенбі, 03 Қыркүйек, 2026 15:25