Болат Назарбаевтың жағдайы туралы қоры хабарлады
Болат Назарбаевтың денсаулық жағдайы туралы оның "Салиқалы ұрпақ" қоры мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Болат Назарбаевтың жағдайы тұрақты ауыр және 2015 жылдан бері онкологиялық аурудан емделіп жатқанын хабарлаймыз", – деді Tengrinews.kz басылымына қоғамдық қордың директоры Қасым Қасабеков.
Бұған дейін БАҚ Болат Назарбаевтың фотосы мен видеосын жариялаған болатын. Дереккөздер тұңғыш президенттің інісіне пневмония мен тромбозбен асқынған көмей ісігі диагнозы қойылғанын хабарлады.
Дереккөздер Болат Назарбаевтың жағдайы өте ауыр деп бағаланып, "медициналық қызметкерлер шын мәнінде оның өмірі үшін күресіп жатыр" делінген.
Айта кетейік, Болат Назарбаев наурыз айында 69 жасқа толды.
2026 жылы қазақстандықтар пәтер жөндеуге қанша қаражат жұмсайды
Алғашқы баспанасын қара сылақ күйінде сатып алған 25 жастағы Нұрсұлтан жөндеу жұмыстарына өзі араласқан
Ресейлік қыз қазақ отбасына келін болып түсті: Ол Қазақстан жайлы көзқарасы қалай өзгергенін айтты
Алена: “Қой бауыздайтындары әлі таңғалдырады, ал шашу мен құдалық ұнады”