Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Болат Назарбаевқа қатысы бар ғимарат аукционда 1,5 миллиард теңгеге сатылды

Қайтарылған активтерді басқару компаниясы экс-президенттің інісі Болат Назарбаевқа тиесілі болған Алматыдағы ғимаратты 1,5 миллиард теңгеге сатып жіберді. Нысан қаланың орталығында орналасқан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ”Салиқалы ұрпақ” қоғамдық қоры/2Гис

11 желтоқсанда E-Qazyna порталында қайтарылған активтерді сату бойынша сауда-саттық аяқталды. Қайтарылған активтерді басқару компаниясы аукционға қойылған жеті активтің төртеуін сатты.

Фото: e-auction.gosreestr.kz

Алматыда Байтұрсынов көшесінде орналасқан ауданы 1 711,2 шаршы метр екі қабатты үй 1 миллиард 549 миллионов теңгеге сатылды. Бұған дейін БАҚ беттерінде ғимараттың Назарбаевтар отбасына тиесілі екенін, оның ішінде Болат Назарбаев пен оның ұлы Нұрбол Назарбаевтың – "BN InvestCapital" ЖШС және "Ush Konyr Invest Corporation" ЖШС кеңселері орналасқаны туралы ақпарат тараған еді.

Фото: e-auction.gosreestr.kz

Сондай-ақ Астананың сол жағалауындағы Samruk Towers тұрғын үй кешенінің бірінші қабатында орналасқан жапсарласып салынған үш үй-жай сатылды. Ауданы 120-дан 176 шаршы метрге жететін үй-жайда бизнес нысандар орналасқан көрінеді. Нысан 269 миллион теңгеге сатылды. Десе де елордадағы активтердің кімге тиесілі екені белгісіз.

Ақша Қаржы министрлігіндегі арнайы мемлекеттік қор деп аталатын есепшотқа аударылады. Ол осыдан бір жыл бұрын тәркіленген қылмыстық активтерді сақтау үшін құрылған.



Қайтарылған активтерді басқару компаниясынің мәліметінше, бұл қаражат елдің экономикалық дамуын қолдауда және активтерді қайтару мен тиімді пайдалануға байланысты басымдықтарға қол жеткізуде шешуші рөл атқарады.

Бұған дейін Болат Назарбаевтың Нью-Йорктегі пәтері 2 миллион долларға сатылымға қойылған еді.

Талқылау