AAPL
148.56 $
1.79 %
TSLA
643.38 $
-5.55 %
NDAQ
187.76 $
0 %
GOOGL
2660.3 $
8.81 %
FB
369.79 $
22.84 %
FRHC
65.1 $
2.48 %
AAPL
148.56 $
1.79 %
TSLA
643.38 $
-5.55 %
NDAQ
187.76 $
0 %
GOOGL
2660.3 $
8.81 %
FB
369.79 $
22.84 %
FRHC
65.1 $
2.48 %

"Болашақтан үміті үзілді": Бұрынғы күйеуі қызымды зорлады деген алматылық әйел бірнеше жылдан бері әділдік таппай келеді

2019 жылы өгей әкесі зорлаған қыздың анасы әділдік іздеп келеді. Алматылық әйелдің айтуынша, күдікті ақшаның көмегімен жазадн құтылып кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Batyr Jamal парақшасына сілтеме жасап. 

әйел

Жәбірленушінің анасы Әсел сот үрдісінің ұзаққа созылып, қиын болғанын айтады. Сот отырысы жабық болғандықтан ол қызымен бірге қатыса алмаған. 

"Сотта қызым күдіктімен және оның қорғаушыларымен бірге қалды. Соңғы сот отырыстарынан қызым қорқып шығатын болды. Қызым бастапқыда ол қылмысын мойындайды деп ойлаған. Алайда алғашында еңсесі түсіп, басын жоғары көтере алмай отырған айыпталушы кейіннен бедірейіп, "не істеп аласың" деген сыңай танытатын болған", - дейді әйел. 

Әсел айыпталушы жазаға міндетті түрде тартылады деген сенімде болғанын жеткізді. 

"Соңғы сот отырысынан қызымның өңі бозарып шықты, не айтарын білмей, еңкілдеп жылай бастады. Осы сәтте өзімнің шарасыздығымды сезіндім. Соңына дейін ол жауапқа тартылады деген үмітте болдым. Мен үшін оның басқа қылмыстары маңызды емес еді, тек қызымды қорлағаны үшін жазаланса екен дедім. Қызым жылап тұрып, шындықты айтқаныма ешкім сенбеді деді. Айыпталушының таныстары да, ақшасы да көп, соған сеніп алған", - дейді Әсел. 

Бұған қоса, ол қызының өмірден үміті үзілгенін алға тартты. 

"Кітаптан бас алмайтын болды. Күліп отырып, жылап қалады. Бұл жағдайдан кейін қатты есеңгіреп қалды. Оның балалық шағына балта шабылды. Әттең, уақытты кері айналдырып, барлығын қайта қалпына келтіруге болса ғой", - деп қосты жәбірленушінің анасы. 

Әсел соттың қайта жалғасса екен дейді. Ол бүкіл қазақстандықтардан көмек сұрады. 

"Қызым үшін әділдік орнағанын қалаймын. Оның болашақтан үміті үзілді, ерлерге үреймен қарайды. Енді бала сүйе алмайды. Мен басқа баланың осындай жағдайда тап болуы мүмкін деген ойдан қорқамын. Мұндай оқиға жиі орын алады. Мүмкін қазір біреу менің қызымның күйін кешуде. Ең сорақысы, келесі жолы да күдікті сотта жеңіп кетеді", - дейді ол.

Айта кетсек, ер азамат педофилия, зорлық жасау, заңсыз қару сақтау және жезөкшелікке тарту баптары бойынша істі болған. Алайда жалған сөз детекторы арқылы тексерістің барысында ақталыпты. Сот оны жезөкшелікке тарту бабы бойынша 2019 жылы жеті жылға бас бостандығынан айырыған. "Batyr Jamal" парақшасының мәліметінше, ол келесі жылы амнистия бойынша түрмеден босап шығуы мүмкін. 

Сондай-ақ, Әселдің бұрынғы күйеуі жәбірленуші тарапты абыройына нұқсан келтірді және мүлкін ұрлады деп айыптап, сотқа шағымданған. Ал Әселдің адвокат жалдауға қалтасы көтермейді екен. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр