"Болашақ" стипендиясы иегерлерінің толық тізімі жарияланды
Қазақстанда 188 үміткерге халықаралық «Болашақ» стипендиясы берілді. Бұл туралы шешім мемлекеттік хатшы Марат Тәжиннің төрағалығымен өткен шетелде мамандар даярлау бойынша республикалық комиссия отырысында қабылданды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Отырыс нәтижесі бойынша 188 жас қазақстандыққа әлемдік ЖОО-ларда магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша білім алуы үшін «Болашақ» стипендиясы берілді», - делінеді президенттің ресми сайтында.
«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ мәліметінше, сонымен қатар стипендия иегерлері әлемдік ғылыми және өндірістік орталықтарға тағылымдамаға жіберілетін болады.
«Болашақ» стипендиясы иегерлерінің толық тізімімен мына сілтеме бойынша таныса аласыздар.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі