"Болашақ" бағдарламасымен оқып келген Айгүл Иманбаеваны әуежайда аспен күтіп алды
Әнші және актриса Айгүл Иманбаева Лондонда "Болашақ" бағдарламасы бойынша бір жыл оқығаннан кейін отанына оралды. Әртісті әуежайдан шәкірттері мен әріптестері бауырсақ, ет дайындап, тосынсый жасап күтіп алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Астана әуежайында әншіні тосынсый күтіп тұрды. Оның студенттері мен достары бешбармақ, бауырсақ әкеліп, қымызбен қарсы алды.
Тағамдар дипломат сөмкеге салынып, жабылған. Айгүл шетелде сағынған сүйікті тағамдарынан ләззат алды.
Студенттері тіпті оған пранк жасап та үлгерді. Төбелесіп ұстаздарын қорқытты. Кейін әншіні көтеріп, алып қашқандай сыңаймен көлікке мінгізді.
“Қандай әсерлі, ұжымыңыздың ауызбіршілігі нығая берсін”, “Аяғын жерге тигізбей, көтеріп алды”, “Әдемі қарсы алыпсыздар”, “Өзім Америкадан келгендей болдым ғой”, “Түрлерің құрсын, амандаспайсыңдар ма?”, – деп жазды пікір қалдырушылар.
Еске салсақ, журналист "Болашақпен" оқып келген Айгүл Иманбаеваны сынға алған еді.
Қазақстандық егіз қызы мен ұлын зорлап келді деп айыпталды: Анасы бірнеше жылдан бері әділдікке қол жеткізе алмай жүр
Қылмыстық іс 6 рет тоқтатылған екен
"Көзқарастары ескі, жас мамандарды төмендетеді": Қазақстандық жас мұғалімдер үлкен буынмен жұмыс істеудің қиындығын айтты
Ал көпжылдық тәжірибесі бар мұғалімдер зейнет жас мәселесін қайта қарастырсын дейді