Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бокстан Өзбекстан құрамасының бас бапкері шәкіртінің жеңісін тойлау барысында жүрегі тоқтап, ауруханаға түскен

Хасанбой Дусматов жеңіп алған алтын медальді тойлау кезінде бокстан Өзбекстан құрамасының бас бапкерінің кенеттен жүрегі тоқтап қалып, ауруханаға түскен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: instagram.com/jalol_akhmedov

Бокстан Өзбекстан құрамасының бас бапкері Толқын Қылышев Парижде өткен олимпиада ойындары барысында кенеттен жүрегі тоқтап қалып, ауыр халде ауруханаға жеткізілген.  Хасанбой Дусматов жеңіп алған алтын медальді тойлау кезінде бокстан Өзбекстан құрамасының бас бапкерінің кенеттен жүрегі тоқтап қалған. Бірақ Ұлыбритания бокс федерациясының дәрігерлер тобының мүшелері дер кезінде алғашқы медициналық көмек көрсетіп, аман алып қалған. Қылышев Дусматовтың жеңісінен кейін өзбек боксшыларын бастап, финалдық кездесуге шықпаған еді. Дегенмен олимпиада чемпионы атанған спортшылардың бас бапкердің жағдайын білу мақсатында ауруханаға арнайы барған. 

Айта кетейік, Өзбекстан құрамасы бокстан Париж олимпиадасында 5 алтын жүлде жеңіп, рекорд орнатты. Ал Қазақстан ерлер құрамасы жалғыз күміс жүлдені қанағат тұтты. 

Талқылау