Бокстан кіші әлем чемпионатына Қазақстан атынан кімдер қатысатыны белгілі болды
Болгарияның София қаласында өтетін бокстан кіші әлем чемпионатындағы "Странджа кубогына" Қазақстан атынан кімдер баратыны жарияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сурет Қазақстан бокс федерациясынан
Қазақстан бокс федерациясың мәліметінше, бокстан кіші әлем чемпионаты деп аталатын Болгариядағы беделді турнир 2-12 ақпан аралығында өтеді. Қазақстаннан он салмақ дәрежесінде спортшылар қатысады.
Қазақстан құрамасының құрамында:
- 51 кг. Санжар Ташкенбай;
- 54 кг. Дәулет Молдашев;
- 57 кг. Оразбек Асылқұлов;
- 60 кг. Руслан Күзеубаев;
- 63,5 кг. Ерасыл Танқай;
- 67 кг. Дулат Бекбауов;
- 71 кг. Талғат Шайкен;
- 75 кг. Нұрқанат Райыс;
- 80 кг. Тұрсынбай Құлахмет;
- 86 кг. Абзал Құттыбеков.
Еске салсақ, бұған дейін бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі және әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай Ұлттық ұлан қатарына қабылданған еді.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды