"Көтермелеп жібердік": Қытайға барған спорт журналисі Санжар Тәшкенбайдың не себепті Азия ойындарына бармағанын айтты
Азия ойындарынан хабар тарату үшін Қытайға барған журналист Аслан Қаженов Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында Санжар Тәшкенбай не себепті Азиадада бақ сынамағанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Таиландта өткен Азия чемпионатын жеңген Санжар Тәшкенбай Қытайда өтіп жатқан Азия чемпионатына қатысқан жоқ. Сол сәтте ол Ақтаудағы халықаралық турнирде бақ сынап, жеңіліп қалған.
Журналистің айтуынша, ол жеңісінен кейін даңқты көтере алмай қалған.
“Санжарды қатты көтермелеп жібердік. Азия ойындарына іріктеу болды. Іріктеу алдында жаттығуларға келмей, бабы кетіп қалды. Үйленіп жатырмын деді. Жеңістен кейін тоқтап қалды, салмақ қосқан. Бапкерлердің өзі Санжар босаңсып кетті, әлеуметтік желіге уақытын көп арнайды деп ренжіді. Ақтауда жеңілді, енді содан сабақ алса екен. Себебі потенциалы бар, физикалық қабілеті керемет спортшы”, – деді Қаженов.
Еске салсақ, Санжар Тәшкенбай бокстан Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алғаны айтылды.
Шымкентте тұрғындар белгісіз себеппен уланып, балалар көз жұмды
27 жастағы келіншек пен қос перзенті және 15 жастағы студент қыз жалдамалы пәтерге жарты жыл бұрын көшіп келген екен
"Бір сағат сөйлесіп, 30 мың теңгемді алды": Алматы тұрғыны сауда орталығындағы әйелден сақ болуға шақырды
Автор: "Тектік түйін", қызыл іш киім туралы айтты"