Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметінен кетті
Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Ғалымжан Кенжебаев қызметінен кететінін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Кежебаев Instagram желісінде хабарлаған.
Бас бапкер қызметінен өз еркімен кеткенін түсіндірді. Сонымен қатар ол Сабырхан Махмудқа олимпиадада мүмкіндік бермегеніне өкінетінін мәлімдеді.
Кенжебаев ұлттық құраманы 2018 жылдың желтоқсанынан бастап басқарып келеді. Бұған дейін ол жастар құрамасын басқарды, сонымен қатар әуесқойлар арасында Геннадий Головкиннің жеке жаттықтырушысы ретінде белгілі.
Естеріңізге сала кетейік, Токио Олимпиадасының нәтижесі бойынша, қазақстанның бокс құрамасы “Алтын” ала алмай қалды.
Дүниежүзілік көшпенділер ойыны кезінде жылқының жағдайы көпшіліктің ашуын туғызды
Көкпар федерациясы "жылқының аузы шабандоздың әрекетінен қанады" деген ақпаратты жоққа шығарды
Қазақстанда әскерге шақыру кезінде көшеден ұстап әкетуге бола ма: Ер азаматтар нені білу керек
Елорда тұрғыны әскерге шақыру комиссиясының жұмысына шағымданды