Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы спортшыларының ширек финалдағы қарсыластары кім?

Бокстан Сербияның Ниш қаласында өтіп жатқан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы боксшыларының ширек финалдағы қарсыластары толықтай белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Stan.kz

Бүгін ширек финалдық сайыстар өтеді. Бұл сында Қазақстан сапынан 10 боксшы ел намысын қарғайды.

¼ финалда алғаш болып шаршы алаңға 50 келі салмақта Алуа Балқыбекова шығады. Оның қарсыласы Түркия боксшысы Айсен Таскин. Бұл жекпе-жек шамамен кешкі сағат 18:15-те (Қазақстан уақытымен) басталады.

Өзге спортшыларымыздың қарсыластары төмендегідей:

48 кг – Назым Қызайбай – Тайонис Кедено (Венесуэла)

54 кг – Жайна Шекербекова – Сара Чиркович (Сербия)

57 кг – Карина Ибрагимова – Ян Кай (Қытай)

60 кг – Виктория Графеева – Ситора Тұрдыбекова (Өзбекстан)

63 кг – Аида Әбікеева – Эсманур Лок (Түркия)

66 кг – Жасмин Қизатова – Альбина Молдажанова (Ресей)

70 кг – Наталья Богданова – Милена Матович (Сербия)

75 кг – Надежда Рябец – Николина Гаия (Сербия)

81 кг жоғары – Елдана Тәліпова – Сара Миликович (Сербия)

¼ финал кездесулері кешкі сағат 18:00-де басталады.

Бұған дейін, ширек финалға Қазақстан құрамасы сапынан 10 боксшы жолдама алғанын жазған едік.

Талқылау