Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді

Бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионаты ел астанасында ұйымдастырылады. Айтулы дода 2024 жылы өтеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ұлттық Олипиада комитетінің жазуынша шешім Ташкент қаласында қабылданған. Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) Директорлар кеңесі ресми отырыста әйелдер арасындағы бокстан әлем чемпионаты 2024 жылы Астанада өтетінін мәлімдеді.

"Мен Қазақстан сияқты қуатты бокс күшінің шеберлері тоғысқан жерінде IBA ірі турнирлерінің бірін қабылдайтынына қуаныштымын. Бұл жарыс 2016 жылы Астанада өткенді, енді ол күшейтілген еселенген түрде жалғасын табуда. Өйткені біз жүлде қорын екі есеге арттырып жатырмыз. Бірінші орын үшін біз боксшыларға 200 000 АҚШ долларын береміз, ал жалпы жүлде қоры 4,8 миллион АҚШ долларын құрайды, - деді IBA президенті Умар Кремлев. 

Сондай-ақ ол бұл сомаға ұлттық құраманың бас жаттықтырушыларына тиесілі 10 пайызы кіретінін де еске салды.

Талқылау