Боксшыларымыз Таиландтағы лицензиялық турнирді сәтті бастады
Қазақстан құрамасының боксшылары Париж олимпиадасына жолдама беретін лицензиялық турнирдегі алғашқы кездесулерінде жеңіске жетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: ҰОК
Таиланд астанасы Бангкокте өтіп жатқан әлемдік лицензиялық турнирді боксшыларымыз сәтті бастады. Ерлер арасында 63,5 келі салмақтағы жолдамаға таласып жатқан Мұхамедсабыр Базарбайұлы алғашқы айналымда филиппиндік Лауренте Питті ұтса, Назым Қызайбай 50 келіде словакиялық Николь Дурикованы екі рет нокдаунға жіберіп, айқын басымдықпен ұтты. Сондай-ақ 60 келі салмақта сынға түскен Римма Воловсенок германиялық Мария Ганглбауерден басым түсті.
Айта кетейік, бұл турнирде жартылай финалға өткен 4 боксшыға лицензия беріліп, 1/4 финалда жеңілген спортшылар өзара қосымша жекпе-жектер өткізу арқылы жолдамаға ие болады. Қазақстан әйелдер құрамасында бір ғана жолдама болса, ерлер құрамасында 63,5 келіде ғана жолдама жоқ.
"Киімдегі жалаңаш қыздар": Дене бітімін айқындайтын хиджаб үлгісі қазақстандықтардың сынына қалды
Имам: “Бұл қыздарды "дұрыс емес киініп жүрсің" деп кінәлауға болмайды”
Қазақстанда ерлі-зайыпты ажырасқанда ипотека мен қарыз қалай бөлінеді
Пәтер ипотеканы рәсімдеген адамның жеке меншігі болып саналады

