Боксшы Қамшыбек Күнқабаев Алматыда Джонни Мюллермен жұдырықтасады
2020 жылғы Токио Олимпиадасының қола жүлдегері боксшы Қамшыбек Күнқабаев келесі қарсыласының күні мен есімін анықтады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстандық аса ауыр салмақтағы боксшы 25 наурызда Алматыда шаршы алаңға шығады. Оның қарсыласы оңтүстік африкалық боксшы Джонни Мюллер болмақ. Бұл жолы Күнқабаевқа тиесілі WBA Gold титулына таласады.
Айта кетейік, Қамшыбек про-рингте төрт жеңіске жетіп, оның үшеуін мерзімінен бұрын аяқтаған. Ал Джонни Мюллер 23 кездесуде жеңіске жетіп, 9 рет жеңіліп, 2 кездесуде тең түскен.
Сондай-ақ 25 наурызда Алматыда қазақ боксшылары Сұлтан Зәуірбек, Рай Сейітжанов, Талғат Шәйкен және тағы басқа спортшылар жекпе-жекке шығады.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі