Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Бокс аңызы Майк Тайсон Головкин-«Канело» жекпе-жегіне баға берді
Ауыр салмақ дәрежесіндегі бұрынғы әлем чемпионы Майк Тайсон қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварестің қарымта кездесуі аяқтала салысымен, жекпе-жекке баға берді.

Бұл туралы Sports.kz порталына сілтеме жасап Stan.kz ақпарат агенттігі.
«Тамаша жекпе-жек. «Канело» жеңді. Керемет жекпе-жек болды», – дейді Майк Тайсон.
Сондай-ақ, ол өзінің «Канелоның» жанкүйері екенін айтты.
Айта кетсек, 16 қыркүйекте Лас-Вегастегі T-Mobile Arena-да 12 раундқа жоспарланған Головкин-“Канело” жекпе-жегі толық өтті. Кездесуде кімнің жеңіске жеткенін төрешілер шешіп, ұпай саны бойынша жеңісті Сауль Альвареске берді (115-113, 115-113, 114-114). Осылайша, отандасымыз Геннадий Головкин спорттық мансабында алғаш рет жеңіліс тауып, орта салмақ дәрежесіндегі WBA Super, WBC және IBO нұсқалары бойынша чемпиондық белбеулерінен айырылды.
Астанада параспортшылар федерация басшысына жалақысының бір бөлігін беруге мәжбүр болғанын айтты
Федерация басшысына "Алаяқтық" бабымен іс қозғалған
Қаскелеңде автобус қағып кеткен студенттің ісі жабылып қалған: Анасы қызының ауыр жарақат алғанын айтады
СДУ алдында автобус қызды қағып кеткен, алайда полиция істі көп ұзамай жауып тастаған