Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Блогерді TikTok-қа видео түсіріп жатқан кезде абайсызда атып тастады

Арелин Мартинес есімді мексикалық блогерді TikTok-қа видео түсіріп жатқан кезде атып кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарт агенттігі.

Қайғылы оқиға 2 қазанда Мексиканың Чиуауа қаласында, бір топ жастар танымал әлеуметтік желіге салу үшін ұрлау туралы видео түсірген кезде болды. Сценарий бойынша Арелиннің қолдар және көздері байланған, оның жанында екінші "кепілге алынған" адам болған. Сондай-ақ, желіде жарияланған видеода бірнеше адамның атыс қаруын қолданғанын көруге болады.

Кадрларда жігіттердің біреуі жалған кепілге алынған адамды тізе бүгуге мәжбүрлеп, ал өзі оның желкесіне тапанша тақап тұрғанын көруге болады. Осы уақытта тағы бір жас жігіт Арелин Мартинезті нысанаға алды.

Блогерлердің неліктен түсірілім үшін оқтары бар қаруды қолданғаны белгісіз. Жергілікті БАҚ мылтық "абайсызда" атылды деп жазды.

"Біз қарастыратын гипотезалардың бірі - жастар атыс қаруын оқталмаған деп ойлап, қызды абайсызда атып тастаған", - деді Чиуауа штатының бас прокуроры Сезар Аугусто Пениче Эспехель.

БАҚ-тың хабарлауынша, оқиғадан кейін марқұмның достары оқиға орнынан қашып кеткен. Бойжеткен жерде байланған күйінде табылды. Ол көз жұмған.

"Түсірілім тобының" бір мүшесі оқиға туралы полицияға хабарлады. Құқық қорғау органдары оқ атқан екі күдіктінің жеке басын анықтады. Қазіргі уақытта олардың қамауға алынған-алынбағаны белгісіз. Тергеу жалғасып жатыр.

Арелин Мартинезді жерлеу рәсімі 5 қазанда өтті. Қыз 20 жаста еді.

Талқылау