Блогер Жахан Отарғалиев келіншегі Балжан Бидаштың сахнаға қашан оралатынын айтты
Белгілі әзілкеш, блогер Жахан Отарғалиев “Ұйқым келмейді” бағдарламасында келіншегі Балжан Бидаштың сахнаға шықпай кетуінің себебін түсіндірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

©instagram.com/zhahan_utargaliyev
Бағдарлама барысында көрерменнің бірі: “Балжан ханым сахнаға қашан шығады?” деген сауал қойды. Жахан Отарғалиев сұраққа: “Балжан шыққысы келсе, шығады. Өзі сахнаға шыққысы келмей жүр. Қазір шаруа көп. Үйдің шаруалары бар. Анда-мында көшіп жүрміз. Пәтер жоқ, пәтерден шығып жатырмыз. Алматыға барған соң пәтер іздеу керек. Күні кеше Балжанның жаңа әні шықты, жақсы тыңдалып жатыр. Тағы да әндер жазып жатыр. Бұйырса, шығады сахнаға”, – деп жауап беріп, Балжанның тыңдарманын қуантып қойды.
Айта кетейік, бұған дейін өнерге байланысты сұрақ Балжанның өзіне де қойылған еді. Әнші тұрмыста екенін алға тартып, сахнаға оралу жайлы шешімді күйеуімен бірлесе отырып қабылдайтынын айтқан болатын.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"