Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Блогер Бота Миа қазақстандық шабандозға көмектескен қырғыз баласына сәйгүлік сыйлады

Бота Миа
Фото: Instagram.com/bota_mia

Танымал блогер Бота Миа қазақстандық шабандозға көмектескен қырғызстандық балаға ат мінгізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Оқиға Қырғызстанда өткен халықаралық "Ыстықкөл кубогы – 2026" бәйгесі барысында болды.

Жарыс кезінде қазақстандық шабандоз аттан құлап қалды. Сол сәтте қырғызстандық Алихан Асқарбеков есімді бала жүгіріп барып, жүйрікке қарғып мініп, бәйгені жалғастырды. Аламан бәйгеде Алихан мәре сызығын үшінші болып кесіп өтті.

Осыдан кейін қазақстандық шабандоз жеңіп алған сыйақысын, яғни 2,8 мың долларды Алиханға берген. Мұны көрген блогер Бота Миа қырғыз баласына ат мінгізу туралы шешім қабылдаған.

“Әлеуметтік желілерден көріп жатырмыз. Қырғыз баласы қазақстандық шабандоздың атына отырып, жүлделі орын алды.  Екі елдің достығы мен ірлігін көрсететді. Мұны көріп, намысыз оянды. Сонау Қазақстаннан ағаларыммен бірге келіп отырмын”, – деді Бота Миа.

Оның бұл әрекеті қырғыз отбасы тәнті етті.

“Екі елдің ортасында достығын нығайтып, нөпірі болып жүре беріңіздер. Көп рақмет”, – деп алғыс білдірді туыстары.

Блогер Бота Миа да бұған қатысты әлеуметтік желідегі парақшасында жазба қалдырды. Ол Қырғызстан туралы әрдайым мақтанышпен айтып жүретінін атап өтті.

“Қырғызстан туралы әрдайым мақтанышпен айтып жүремін! Жақында кішкентай қырғыз баласының қазақ баласына көрсеткен кеңдігі мен адамгершілігіне бүкіл ел куә болды. Бұл – қазақ пен қырғыз халқының бауырластығын дәлелдеген үлкен өнеге. Сондықтан мен құр сөзбен емес, іспен құрмет көрсеткім келеді. Екі елдің арасына ешқашан сызат түспесін. Қазақ пен Қырғыздың достығы әрдайым берік болып, бауырластығымыз мәңгі жасай берсін”, – деп жазды ол.

Еске салайық, бұған дейін Бұған дейін блогер Бота Миа Қырғызстанға қатысты айтқан “Қырғызстан деген биік пе?” деген сөзі үшін әлеуметтік желіде сынға қалған еді. Көпшілік бұл пікірді көрші елді менсінбеу деп қабылдады. Кейін блогер Қырғызстан халқынан кешірім сұрап, сөзінің қате түсінілгенін айтып, ешкімді ренжітуді мақсат етпегенін мәлімдеді. Сондай-ақ бұған дейін ол шетелдік блогердің контентін рұқсатсыз пайдаланғаны үшін де дауға қалған болатын.

Балнұр Рахматуллақызы
Сәрсенбі, 29 Шілде, 2026 18:31