"Блефаропластика": Мұхамеджан Тазабек көзіне ота жасатты
Белгілі айтыскер ақын Мұхамеджан Тазабектің бет-жүзінде өзгерістер байқалады. Осыған қатысты ақын оқырманнан келген толассыз сауалдарға жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ақын көзіне ота жасатқанын мойындады.
“Біраз оқырманым “Қабақ жасаттыңыз ба? Блефаропластика ма?” деп сұрап жатыр. Жоқ көзімнің жарығына (грыжасына) ота жасаттым. Содан көзім тартылып, ашылыңқырап тұр. Қабақ тарту немесе басқа да эстетикалық ота емес. Уақыт өте келе көздің көруіне әсер ететін дүние. Әр нәрсенің алдын алған дұрыс деп ойлаймын”, – дейді Мұхамеджан Тазабек.

Желі қолданушылары айтыскерді бет-жүзіндегі өзгерісті бірден байқады.
“Блефаропластика?”, “Көзін үлкейткен бе?”, “Түріңіз суық болып қалыпты, не істегенсіз?”, “Көзіңіз шынымен біртүрлі көрініп қалыпты”, “Қабақ жасатқансыз ба?”, – деп жарыса жазды желідегілер.
Қазақтың ұлттық киімдері қанша тұрады және оларды не үшін киген
Қазақстандағы белгілі брендтердегі киім бағасын салыстырып көрдік
"Наурызға 317 млн, ал Жаңа жылға 793 млн теңге": Қазақстанның бас қалалары Наурыз мейрамына Жаңа жылдан екі есе кем қаржы бөлді
Наурыз бен Жаңа жылды тойлауға қанша қаржы бөлінгенін салыстырдық