БҚО тұрғыны мәслихат ғимаратында өзін өртеп жіберді
Батыс Қазақстан облысы мәслихат ғимаратында ер адам өзін-өзі өртеп жіберді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Мой город" басылымына сілтеме жасап.

Оқиға 2 наурызда сағат 16:40-та болған.
Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, БҚО тұрғыны облыстық мәслихат ғимаратында өзіне бензин құйып, өртеп жіберген.
"Алдын ала мәліметтер бойынша, 46 жастағы ер адам денсаулық сақтау басқармасының шешімімен келіспейді. Қазіргі уақытта оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеуде. Ер адам аман-есен, денесі күйген. Қалған адамдар зардап шеккен жоқ, - деді полицияда.
Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі бұл оқиғаға кейінірек түсініктеме беруге уәде берді.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған
