БҚО-да жалғызбасты әке ұлын белбеумен ұрғаны үшін сотқа тартылды
Батыс Қазақстан облысында жалғызбасты әке 4 жасар ұлын белбеумен ұрып, қасақана дене жарақатын салған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Pixabay
Бәйтерек ауданының №2 аудандық сотында әкімшілік кодекстің 73-1 бабы "Отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы әрекеттер" бойынша іс қаралды. БҚО сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, ер адам өзінің төрт жасар ұлына белбеумен қасақана дене жарақатын салған. Баланың денсаулығына жеңіл зиян келген.
Сот отырысында құқықбұзушы өз кінәсін толық мойындады. Ол кешке кішкентай баласының ойнап, бағынбағанын, сондықтан оны белбеумен жазалағанын түсіндірді. Ер адам екі баланы жалғыз тәрбиелеп отыр. Анасы ата-ана құқығынан айырылып, бөлек тұрады.
Оқиға туралы бірінші болып бала баратын балабақша хабарлаған.
Сот шешімімен ер адам кінәлі деп танылып, ескерту берілді. Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"