БҚО-да төрт жасар баланы тоқ соққан: Бүлдіршіннің екі қолын кесуге мәжбүр болған
Оралда Жанғалы ауданы Жаңақазан ауылында 24 мамырда қайғылы жағдай болды. Бір топ бала ойнап жүріп, қосалқы станцияға жақындап барған. Ол ауылдан 800 метр қашықтықта орналасқан. Станция қоршалған болса да, балалар ішіне кіріп кетіп, шкафты ашып, сымдарды ұстап алған. Бұл туралы аылдық округ әкімі Сәкен Ғұбашев мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Мой город басылымына сілтеме беріп.
“Бұл шкафты ересек адам да әрең ашар еді, төрт жасар бала мұны қалай жасағаны белгісіз. Бала екі қолын салған кезде оны тоқ ұрған. Қосалқы станцияның қуаты 10 кВт болған, бұл адам үшін өте қауіпті. Қуанышқа орай, автоматты жүйе бір секундта жұмыс істеп кетіп, бала аман қалған. Ол шетке ұшып кеткен, содан кейін өзі тұрып, үйіне кеткен. Ата-анасы дереу фельдшер маманды шақырған. Содан соң бала аудандық ауруханаға, сол жерден Оралға жеткізілді. Маған оның екі қолы кесілгенін, қазір жансақтау бөлімінде жатқанын, дәрігерлер оның жағдайын өте ауыр деп бағалағанын айтты, – деді Сәкен Ғұбашев.
- Мектепте атыс шығарған: Техаста жеткіншек шабуылынан 19 оқушы мен 2 ересек қаза тапты
- Ағасына өлтіруге ұсыныс жасаған: 19 жастағы сарқандық ана сұмдық оқиға жайлы айтып берді
Әкім сондай-ақ, бала толық отбасында тәрбиеленіп жатқанын айтты.
Отбасында одан бөлек тағы екі қыз, бір ұл бар.
"Біз бәріміз бала үшін қатты уайымдап жатырмыз, оның аман қалатынына үміттенеміз", – деп түйіндеді ол.
Аудандық аурухана түскен кезде баланың жағдайы өте ауыр деп бағаланғанын хабарлады. Балаға электр тоғының өтуі диагнозы қойылып, оны санитарлық авиация дәрігерлері тексеріп, облыстық балалар ауруханасына жеткізуге шешім қабылдаған.