БҚО-да тергеу изоляторының төрт қызметкері тұтқындарды қинағаны үшін айыпталуда
Батыс Қазақстан облысында тергеу изоляторының төрт қызметкеріне тұтқындарды қинағаны үшін айып тағылды. Олардың қылмыстық ісі Орал қалалық сотына жіберілген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Мой ГОРОД" басылымының мәліметінше, Қылмыстық-атқару жүйесінің РУ-170/12021 мекемесінің қызметкерлері 2021 жылы наурыз айында сотталғандардың бірқатарын жарақаттаған. Бұл туралы БҚО прокуратурасы мәлімдеді.
Белгілі болғандай, осы арқылы олар арада болған жанжал үшін тұтқындардың жазасын бермек болған.
"Бұл әрекеттер Қазақстан ратификациялаған адам құқықтарын қорғау саласындағы халықаралық шарттардың нормаларына қайшы келеді. Тергеу жинастырған деректер негізінде қылмыстық құқық бұзушылық жасалды деуге болады", – деді прокурорлар.
Қызметкерлер ҚР Қылмыстық кодексінің 146-бабы "Азаптау" бойынша айыпталуда. Екі сотталушыға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы, қалғандарына келу міндеттемесі тағайындалды.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"4 миллион теңге күйіп кетті": Мерекеде қызғалдақ сатқан қазақстандық кәсіпкерлер биыл шығынға батқан
Кәсіпкер: "3000 гүл сатуымыз керек еді, бірақ тек 166 дана қызғалдақ саттық"