БҚО-да өртенген үйден әкесі мен ұлының мәйіті табылды
БҚО-да жеке үйдің өртенуінен әкесі мен ұлы көз жұмды. Қайғылы оқиға 27 наурыз күні Бәйтерек ауданы Құшым ауылы Достық көшесінде болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі БҚО ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өрт жайлы ақпарат 00:30-да келіп түскен. БҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, үйде тұрғындардың жеке заттары мен диван жанып жатқан. Өрттің аумағы 30 шаршы метрді қамтыған.
Өрт 2:50-де ауыздықталды. Үйден иіс газына уланып көз жұмған екі адамның денесі табылды. Олар 71 жастағы үй иесі мен оның 41 жастағы ұлы болып шықты.
Болжам бойынша, өртке шылым шегу кезінде отты дұрыс қолданбау себеп болуы мүмкін. Мамандар кінәлілер мен келтірілген шығынды анықтауда.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған