Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Отбасым үйден шыға алмаған": Өрт кезінде қыздарынан айырылған Қостанай тұрғыны оқиға туралы айтып берді

Қостанайда жеке үйлердің бірінде болған өрт салдарынан ер адам мен оның жары, қонаққа келген екі қыз қаза тапты. Қыздары мен інісінен айырылған Виктория Дунаева оқиға туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Костанаиские новости басылымына сілтеме жасап. 

қыздар

Виктория өз Instagram парақшасында қыздарының жерлеуін ұйымдастыру үшін материалдық көмек сұраған. 

"Өрт кезінде тек қыздарым ғана қаза таппады. Інім мен оның жарынан айырылдым. Олар бұл үйде бөлмені жалға алып тұрған. Иесі үйді бірнеше адамға жалға береді. Барлығы 7 адам жалға алған. Анам да ініммен бірге тұратын. Кеше жұмыста болдым, қыздарымды анама жібергенмін. Ол да жұмыста болған. Өрт туралы анамнан естідім. Телефон соғып, үйде өрт басталғанын айтты. Көбісі аман қалған. Адамдар терезеден секіріп шығыпты. Ал отбасым үйден шыға алмады. Ешкім тірі қалған жоқ. Сөздерінше, өртке электр тоқтарының тұйықталуы себеп болған", - дейді Виктория.

Үлкен қызы Ангелина 10 жаста, кіші қызы Полина 8 жаста болған. Қыздар №14 мектепте оқыған. Тұрғындар банк аударымдары арқылы Викторияға көмек көрсетуде. Аударым жасауға арналған нөмір:

8 747 698 20 58 - Юлия Н. (Викторияның әпкесінің нөмірі).

Назархан Уән
Дүйсенбі, 28 Наурыз, 2022 13:59
Талқылау