Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

БҚО-да мектеп оқушысы өзін-өзі мылтықпен атып өлтірген

БҚО-да он бір жасар жасөспірім өз үйінде өлі күйінде табылды. Белгілі болғандай, марқұмның жанында карабин табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агеттігі Мой город басылымына сілтеме беріп.

Оқиға Бөкей ордасы ауданының Бисен ауылының жанында болды. Жедел медициналық жәрдем станциясына қоңырау 16 шілде күні сағат 12:30-да түскен.

Полиция департаменті болған жайтқа қатысты пікір беруден бас тартты, оны прокуратураның тыйымымен түсіндірді. Ал денсаулық сақтау басқармасы баланың өзіне абайсызда оқ атқанын хабарлады.



"2009 жылы туған жасөспірім үйде жалғыз болған. Ол кезде ата-анасы болмаған. Абайсызда жасөспірім өзін мойын тұсына атып жіберген. Бала дәрігерлер бригадасы келгенге дейін оқиға орнында көз жұмды", – деп хабарлады БҚО денсаулық сақтау басқармасы.

Ақпаратты Бөкей ордасы ауданының әкімдігі растады.

"Біз трагедияның егжей-тегжейін білмейміз. Бала өте ауқатты отбасында тәрбиеленіп өсіп келе жатты. Ода ешқандай проблема болмаған. Қазір бұл қайғылы жағдайды құқық қорғау органдарының қызметкерлері қарастырып жатыр", –  дейді аудандық әкімдікте.

Талқылау