БҚО-да құтқарушылар бес жүкті әйелді су басқан аумақтан арқалап шығарды
Батыс Қазақстан облысында тағы 800-ге жуық адам қауіпсіз жерге көшірілді. Өңір тұрғындары әлі қызыл сумен алысып жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Астана” арнасына сілтеме жасап.

Аудандағы Қалдығайты өзені арнасынан асқандықтан, ауылды су басу қаупі төніп, төтенше жағдай қызметкерлері аудан жолдарын жыруға мәжбүр болыпты.
Осының кесірінен Қаратөбе ауданының үш елдімекенімен қатынас үзілді. Құтқарушылар 12 адамды арқалап, қауіпсіз жерге шығарған. Олардың бесеуі - жүкті әйел.
“Қаратөбе ауданы Шалғын ауылы бойынша қазір жағдай біздің тарапымыздан жабылды. Құтқару қызметтері қайтарылды. Қазір бүкіл ауыл үйлерінен су шығарылған болатын”, – дейді БҚО төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Ернұр Өтегенов.
Батыс Қазақстан облыстық Төтенше Жағдайлар департаментінің дерегінше, қазір Тасқала ауданын су басу қаупі бар. Аудан аумағындағы Деркөл өзені күн сайын көтеріліп келеді.
Түркістан облысында әскерге кеткен сарбаз мүгедек болып оралды
Жігіттің туғаннан жамбасында ұршық болмағанына қарамастан, әскерге баруға жарамды деп тапқан
Алма-Арасан тау бөктеріндегі жабық аумақ: Алма бағының ортасында кімдер коттедж салып жатыр?
Алма бақтарының арасында соңғы жылдары бірнеше ірі коттедж пайда болған