БҚО-да бес мектеп лицензиясыз жұмыс істеген
Батыс Қазақстан облысының төрт мемлекеттік және бір жекеменшік мектебі лицензиясыз жұмыс істегені анықталды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Уральская неделя” басылымына сілтеме жасап.

Оқу орындары белгілі бір мемлекеттік органдардың рұқсат құжаттарынсыз жұмыс істеген. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысының білім басқармасында айтылды.
"Облыста бес мектеп лицензиясыз жұмыс істеді. Бұл – Тасқала ауданындағы Ынтымақ бастауыш мектебі, Орал қаласының №18 бөбекжай-балабақшасы, Бәйтерек ауданындағы Жамбыл және Озерно жалпы білім беретін мектебі, сондай-ақ Оралдағы "Рromontory International School Аqjaiyq" жеке мектебі”, – деді делінген білім басқармасы ведомоствосында.
Әр мектепке 25 АЕК (76 575 теңге) айыппұл салынды, Бұл ретте білім басқармасы барлық айыппұл салынған мектептер құжаттарды жинаумен айналысатынын және жақын арада лицензия алуға ниетті екенін хабарлады.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар